424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Дели карантинге жабылды

  • 205
  • UPD: 12:00, 24.03.2020
Нью-Дели карантинге жабылды

Жаһанды жайлаған коронавируске байланысты Үндістан астанасы жабылды. Қазір қала көшелері жым-жырт.

Барлық мекеме қызметін тоқтатқан. Бұған қоса ел билігі бірқатар штаттың тұрғындарға топ болып жиналуға тыйым салды. Ережені елемегендер жазаға тартылмақ. Ал Мумбаиде күніне 8 миллион жолаушыны қалаға жеткізетін пойыз ай соңына дейін жүрмейтін болды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Үндістанда 415 адам вирус жұқтырған. Тағы 7 азамат індеттің құрбаны болды. Мамандар науқастар саны әлі де еселеп артуы мүмкін дейді.

Хабар 24 телеарнасы