410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда бір тәулікте коронавирустан 602 адам көз жұмды

  • 370
  • UPD: 11:37, 24.03.2020
Италияда бір тәулікте коронавирустан 602 адам көз жұмды

Италияда бір күнде коронавирустан 602 адам көз жұмды. Осылайша екінші күн қатарымен тәулігіне тіркелетін індет құрбандарының саны азайып барады.

Ал кеселден қаза тапқандардың жалпы саны 6 мыңнан асты. 7 мың 423 адам ауруханадан толық емделіп шыққан. Қазіргі уақытта 50 мың итальян азаматы вирус жұқтырғандардың қатарында. Жергілікті билік вирустың таралмауы үшін елдегі аса қажетті емес барлық өндіріс орындарын жауып тастады. Тек азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар, сонымен қатар қоғамдық көлік пен банктер жұмысын жалғастыратын болады. Елде медициналық құрал мен бетперде тапшы болғандықтан өзге мемлекеттерден көмек жеткізілуде.

Хабар 24 телеарнасы