423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде коронавирустың таралуы үдеп барады – ДДСҰ

  • 590
  • UPD: 11:43, 24.03.2020
Әлемде коронавирустың таралуы үдеп барады – ДДСҰ

Әлем елдері бойынша COVID-19 пандемиясының таралуы қарқын алып барады. Бұл туралы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Женевада өткен брифингте хабарлады. 

Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

- Вирус алғаш рет тіркелген кезді еске алсақ, 67 күннің ішінде науқастардың саны 100 мыңға дейін жетті. Тағы он бір күннен кейін 200 мың адамның індет жұқтырғаны мәлім болды.  Ал енді бар жоғы 4 күнде  350 мыңнан астам дерек тіркеліп отыр. Бұл не деген сөз? Коронавирус қарқын алып келеді. 

Айта кетейік, коронавирус ауруы жаһанның 168 елінде табылып отыр. Әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 350 мыңға жетті. 15 мыңнан астам адам осы кеселден көз жұмды. 100 мыңнан астамы дертінен құлан таза айығып шықты. Адам шығыны көбінесе Италия мен Қытайда тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы