447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны 582 адамға жетті

  • 102
  • UPD: 11:54, 24.03.2020
АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны 582 адамға жетті

АҚШ аумағында COVID-19-ды жұқтырғандар саны бір тәулікте 8,5 мыңға көбейіп 41 337-ні құрады. 582 науқас көз жұмды.

187 адам құлан таза айығып шыққан. Вирусты жұқтырғандар саны бойынша қазір АҚШ Қытай мен Италиядан кейінгі үшінші орында. Бұған дейін Құрама Штаттың бас хирургы, дәрігер Джером Адамс бұл аптада елдегі жағдай ушығып, науқастар саны күрт артады деген болжам жасаған еді. Себебі тұрғындар шектеуге құлақ аспай, Калифорния жағажайында, мұражай мен сауда орталықтарында жиналып жүр. Бүгінде үкімет қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында ұлттық гвардия әскерлерін Вашингтон, Нью-Йорк, Калифорния шттаттарына шығарды. Енді кешеден бастап, көшеде өріп жүрген жұрт қатаң бақылауға алынды. Тіпті тұрғындарға табиғаттың тамаша құбылысы – сакураның гүлдегенін тамашалауға тыйым салынды.

Хабар 24 телеарнасы