420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда карантин талаптары күшейтілді

  • 549
  • UPD: 13:32, 24.03.2020

Францияда бір тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны 3 мыңнан асып, 186 адам жан тапсырды.

Осылайша науқас жандардың қатары ел аумағы бойынша 20 мыңға жуықтаған. 860 адам көз жұмды. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрі хабарлайды. Қазір 2 мың 82 адам ауыр халде жатыр. Франция премьер-министрі елдегі карантин мерзімі тағы бірнеше аптаға созылуы мүмкін екенін айтып, вирустың таралуына қарсы енгізілген шараларды қатаңдатты. Оған сәйкес енді ел тұрғындары күніне тек бір сағатқа сыртқа шыға алады. Оның өзінде қолда рұқсат қағазы болу керек. Ал ережені бұзғандарға айыппұл салынады.

Хабар 24 телеарнасы