425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент қызметкері коронавирустан қайтыс болды

  • 535
  • UPD: 21:42, 24.03.2020
Еуропарламент қызметкері коронавирустан қайтыс болды

41 жастағы Еуропарламенттің штаттан тыс қызметкері коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Брюссельдегі «Еуроактив» басылымы хабарлап отыр. Джанкарло Агостино Ди Мария Италияда дүниеге келіп, Бельгияда өсіп, ер жеткен. Ол инновациялар және техникалық қолдау директоратында жұмыс істеп, Еуропарламенттің телеконференцияларын техникалық сараптамамен қамтамасыз еткен. Өткен аптаның басында аурудың алғашқы белгілері білінгеннен кейін ол ауруханаға жатқызылып, өкпені қолдан желдету аппаратына қосылған болатын. Алайда бес күннен кейін тыныс жолдары асқынып кетті. Жақындарының айтуынша, Джанкарло спортпен айналысатын дені сау кісі болған. Еуропарламент өкілдерінің мәлімдеуінше, қазір онымен байланыста болған адамдар тексеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы