445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясынан 33 отандасымыз елге жеткізілді

  • 110
  • UPD: 13:16, 25.03.2020
Сауд Арабиясынан 33 отандасымыз елге жеткізілді

Коронавирустың таралуына қарсы корольдік өз шекарасын толық жауып тастағаннан кейін бұл азаматтар Қазақстанға қайта алмай қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің Қорғаныс және Сыртқы істер министрлігі мен Сауд Арабиясының мемлекеттік органдарының ынтымақтастығы арқасында олар арнайы әскери ұшақпен Джидда қаласынан Ақтауға жеткізілді. Енді Сауд Арабиясында жүз шақты Қазақстан азаматы бар. Олар өз еркімен сол елде қалуды құп көрген. Көбі корольдікте жұмыс істейді. Ал, 11-і туристік визамен Мекке және Мәдинә қалаларына барған. Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшілігі мен бас консулдығы корольдіктегі азаматтармен байланыс орнатқан.

Хабар 24 телеарнасы