413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Үндістанда карантин режимі жарияланды

  • 331
  • UPD: 14:06, 25.03.2020
COVID-19: Үндістанда карантин режимі жарияланды

Үндістанда коронавирустың таралуына байланысты карантин режимі жарияланды.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Нарендра Моди хабарлады.

Енді 22 млн тұрғын 3 апта бойы өз үйлерінде оқшаулану керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің ірі шаһарларында ойын-сауық орталықтары, өнеркәсіп орындары мен көптеген кеңселер жабылды. Метро мен халықаралық автобустар да уақытша жұмысын тоқтатты.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша Үндістанда 536 адам COVID-19 вирусын жұқтырған. 10 адам осы індеттің құрбаны болды.

Хабар 24 телеарнасы