411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания 250 мың волонтер іздестіріп жатыр

  • 214
  • UPD: 14:25, 25.03.2020
Ұлыбритания 250 мың волонтер іздестіріп жатыр

Олардың көмегі Денсаулық сақтау бойынша ұлттық қызметке және коронавирус дағдарысынан зардап шеккен адамдарға қажет.

Бұл туралы елдің бас дәрігері Мэтт Хэнкок мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, еріктілер дәріханадан дәрі-дәрмек тасумен, науқастарды ауруханаға апарып-алып келумен, карантиндегі адамдарға хабарласып, жағдайын сұрап-білумен айналысады.

Осылайша, жоспар бойынша бір жарым миллион тұрғынға көмек көрсету жоспарланып отыр.

Айта кетейік, келер аптада Ұлыбританиядағы көрме орталығында уақытша жаңа аурухана ашылады. Оның сыйымдылығы 4 мың науқасты құрайды. Бүгінде ел бойынша коронавирусты жұқтырғандар саны 8 мыңға жеткен. Кеселден 400 адам көз жұмды. Үкімет инфекцияның жұқтырған-жұқтырмағанын анықтайтын тағы 3,5 миллион тест сатып алды.

Хабар 24 телеарнасы