423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда коронавирус фермерлерге зиянын тигізуде

  • 499
  • UPD: 15:55, 25.03.2020

Маусымдап істейтін жұмысшылар жетіспегендіктен, Германияда көкөніс пен жемістер тапшылығы байқалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір қасқыржемді жинайтын кез келді. Көп ұзамай қырыққабат пен құлпынай өнеді. Коронавирустан ауыл шаруашылығына қандай қатер төніп тұр?

Жыл сайын Германияға егіс жинауға шетелден үш жүз мыңдай жұмысшы келетін. Негізінен Польша, Румыния және Украина елдерінен. Алайда, коронавирустың салдарынан шекара жабылды. Жұмысшылар келе алмайтындықтан, егістің біраз бөлігі құрып кететін түрі бар. Осыған байланысты фермерлер дабыл қағып отыр.

Хеннинг Хоффхайнц, фермер:

Өнімімізді жинайтын кез келді. Алайда, не істерімізді білмей тұрмыз. Чехия, Венгрия және Польшамен шекара жабық. Жұмысшыларымыз бізге келе алмайды. Осындай ақшаға жұмыс істеуге келісетін немістерді таба алмаймыз-ау деп ойлаймын.

Сондай-ақ тауарды дер кезінде дүкендерге жеткізу қиындап кетті. Жүк тасымалымен айналысқан жүргізушілердің көбісі Польша азаматы. Жүк көліктеріне шекара ашық болғанымен, бақылау күшейтілгендіктен, кептеліс болып тұр. Кейде жүргізушілер екіапталық карантинге жатуы мүмкін.

Роберт, көлік жүргізуші:

Екі шақырым жолды үш сағат өттім. Польшаның жүк көліктері үш қатарда тұр. Бірнеше шақырымға созылған кептеліс.

Германия үкіметі фермерлерге көмек беруге уәде етті. Қазіргі кезде Lufthansa компаниясының ұшақтарымен жұмысшыларды жеткізу бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы