445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда хантавирус алғаш рет адамнан адамға жұқты

  • 351
  • UPD: 20:41, 25.03.2020

Қытайда «хантаан» деп аталатын вирустан бір адам көз жұмды. Оқиға Шэньси провинциясында болды.

Автобуста кетіп бара жатқан ер адам халінің нашарлағанын айтып, дәрігерлер тексере келе одан хантавирусты анықтады. Науқас ауруханаға дереу жеткізілгенмен 3 сағаттан кейін көз жұмды. Автобуста марқұммен бірге болған 32 жолаушының бәрі карантинге жабылды. Ол тұрған мекенде бұған дейін осы вирусқа шалдығу оқиғалары тіркелген көрінеді. Жалпы хантаан безгегі үйдегі немесе даладағы кемірігіштерден тарайды. Аурудың инкубациялық кезеңі 7-ден 14 күнге дейін созылады. Бұл дертке қарсы күрестің ең тиімді жолы - екпе. Қытайда хантавирусқа қарсы вакцинация 20 жылдан бері қолданылып келеді. Бірақ хантавирустың адамнан адамға жұғу дерегі ешқашан тіркелмеген екен.

Хабар 24 телеарнасы