399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия карантинді бұзғандарға ірі айыппұл салады

  • 242
  • UPD: 22:13, 25.03.2020
Италия карантинді бұзғандарға ірі айыппұл салады

Италия билігі енді карантин тәртібін бұзғандарға ірі көлемде айыппұл салады. Бұл жайлы ел премьер-министрі Джузеппе Конте мәлімдеді.

Бұдан былай үйден ешбір себепсіз шығып, ережені елемеген әрбір азамат 400-ден 3 мың еуроға дейін айыппұл төлейді. Осыған дейін тәртіп бұзған тұрғындарған 206 еуро көлемінде айыппұл салынатын.

Бұған қоса үкімет басшысы елдегі карантин 31 шілдеге дейін сақталады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Контенің айтуынша, ел билігі шектеуді одан да ерте алып тастауы мүмкін.

Айта кетейік, Италиядағы карантин режимі 3 сәуірде аяқталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы