411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID 2019: Италияда көз жұмғандардың көптігінен мәйіт тасымалына әскер тартылды

  • 296
  • UPD: 09:20, 26.03.2020
COVID 2019: Италияда көз жұмғандардың көптігінен мәйіт тасымалына әскер тартылды

Италияның солтүстігінде коронавирустан көз жұмғандардың мүрделері кремациялауға әкетіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сериате қаласындағы шіркеуге жиналған табыттарды тасуға әскерилер жұмылдырылған. Себебі көз жұмғандардың көптігіне байланысты жергілікті крематорийлер мен мәйітханалар үлгермей жатыр.

Айта кетейік, бұл қала індеттен ең көп зардап шеккен Бергамо шаһарынан 30 шақырым жерде орналасқан. Жалпы бүгінде Италия коронавирус құрбандарының саны бойынша әлемде бірінші орында. Елде індеттен 6820 адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы