411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда себепсіз сыртқа шығуға қатаң тыйым салынды

  • 304
  • UPD: 09:18, 26.03.2020
Қырғызстанда себепсіз сыртқа шығуға қатаң тыйым салынды

Қырғызстанның үш ірі қаласы мен бірнеше ауданында төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – коронавирусты жұқтыру дерегі ең көп тіркелген өңірлер. Енді мұнда арнайы әкімшілік құрылып, коменданттар тағайындалады. Ал тұрғындардың жүріп-тұруы уақытша шектеледі. Яғни азық-түлік не дәрі-дәрмек сатып алу үшін ғана үйден шығуға болады. Оның өзінде де құжатты алып жүру керек. Ал кешкі сегізден таңғы жетіге дейін сыртқа шығуға қатаң тыйым салынады. Ережені бұзғандар ұсталып, мән-жай анықталғанша жіберілмейді. Одан бөлек, елді мекендерде бақылау-өткізу бекеттері орнатылып, вирусқа тексеру жүргізіледі. Төтенше жағдай 15 сәуірге дейін жалғаспақ.

Мухаммедкалый Абылгазиев, Қырғызстан премьер-министрі:

– Тұрғындарымызды коронавирусты жаппай жұқтырудан қорғау үшін заңда қарастырылған барлық шараны қабылдап жатырмыз. Ішкі істер министрлігі мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары бұл бағыттағы жұмысын күшейтеді. Мектептердегі демалыс пен карантин көшеде емін-еркін жүру үшін енгізіліген жоқ! Біз өз денсаулығымыз бен ұлт саулығын сақтауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы