413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID 2019: Испания ауруханаларында науқастар еденде жатуға мәжбүр

  • 183
  • UPD: 10:13, 26.03.2020
COVID 2019: Испания ауруханаларында науқастар еденде жатуға мәжбүр

Мадрид емханаларында науқастарға орын жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауруханалардың коронавирус жұқтырғандарға лық толғаны соншалық, азаматтар дәлізде отыруға мәжбүр. Кейбірі тіпті еденде жатыр. Бұл Испанияда індеттің кеңінен етек жаюымен байланысты. Себебі елде науқастар саны күн сайын артуда. Мәселен, тек өткен тәуліктің өзінде 738 адам вирустың құрбаны болған. Жергілікті дәрігердің айтуынша, ол әріптестерімен бірге 80 орындық ауруханада 280 науқасты емдеуге тура келген кездер де болған. Сондықтан қазір науқастардың көбі сауда-көрме кешеніне көшіріліп жатқан көрінеді. Бірақ соған қарамастан, науқастар саны азаяр емес. Айта кетейік, бүгінде Испанияда 3434 адам коронавирустан қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы