443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID 2019: Қытай жасырын мәліметтерді анықтайтын технологияны қолданысқа енгізді

  • 71
  • UPD: 12:00, 26.03.2020

Қытайда соңғы бір тәулікте COVID-19 диагнозы 67 адамнан анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның барлығы – сырттан келгендер. Коронавирус жұқтырғандардың 18-і Шанхайда, 12-сі Ішкі Моңғолияда тіркелді. Бүгінде дәрігерлер бақылауында 4 мыңдай науқас қалды. Бір тәулікте алты адам қайтыс болды дейді арна тілшісі.

Ішкі Моңғолияда вирусты жұқтырғандардың артуына халықаралық рейске енгізілген өзгерістер себеп болып тұр. Яғни қазір Бейжіңге Еуропадан келетін ұшақтар өзге қалаларға қонуға мәжбүр. Оның қатарында Ішкі Моңғолияның әкімішілік орталығы Хух-Хото қаласы да бар.

COVID-19-ды шет елден жұқтырып келушілер саны артқандықтан, Қытай қазір «ауқымды ақпарлар» технологиясын қолданысқа енгізді. Бұл арқылы кейбір жолаушылардың жасырып қалғысы келетін мәліметтерін анықтауға болады. Яғни мобильді телефоны арқылы науқас эпидемологиялық қауіптілігі жоғары елдерде болды ма әлде бармады ма, оны да біліп отырады. ҚХР телекоммуникациялық басқармасы бұл жүйе жеке деректер үшін қауіпсіз деп отыр. 

Сондай-ақ эпидемия ошағы болған Қытайда 4G және 5G байланысының 63 мың стансасы орнатылды. Бұл медициналық мекемелер мен Уханьдағы уақытша госпиталдьдың жұмысына қажет болды. Қашықтықтан жұмыс істеу, медициналық кеңес беру де осы байланыс жарағы арқылы жүзеге асып отырды.

Эпидемиямен күрес жолында сондай-ақ жасанды интеллект те қоланылды. Өндіріс және ақпараттандыру министрлігі 20 шақты жасанды интеллект жүйесі мемелекет аумағы бойынша инфекцияның таралуын, емделуін, медициналық зерттеулерді бақылауда ұстауға көмектескенін айтады.

Бейжіңнің өзінде сырттан келген коронавирус деректері басылмай тұр. Сондықтан әзірге мектеп пен балабақшалар жабық. Жергілікті білім беру басқармалары оқу басталатын уақытта алдын ала айтамыз деп отыр.

Бүгінде Бейжіңге Хубэй елді мекенінен карантинге байланысты жұмысқа шыға алмай жүргендер келе бастады. Олардың саны бүгін 800-ге жетті. Барлығы дәрігерлердің бақылауында. Жалпы ел астанасына Хубэйден екі жүз мыңдай адам елуі керек.

Бейжіңге сондай-ақ Уханьда эпидемиямен күрескен дәстүрлі медицина дәрігерлерінің бір тобы қайта оралды. Жергілікті БАҚ медицина мамандарының жетістігін, батырлық қадамдарын айтып түрлі мақалалар жариялауда. Тіпті дәрігерге ән арнағандар да табылды.

Хабар 24 телеарнасы