427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО аумағынан бетперделер мен жеке қорғану құралдарын алып шығуға тыйым салынды

  • 361
  • UPD: 12:03, 26.03.2020

Еуразиялық экономикалық одақ аумағына әкелінетін коронавируспен күреске қажетті қорғану заттары мен медициналық құралдарға баж салығы салынбайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп олардың медциналық қызметкерлер мен денсаулық сақтау органдары үшін қолжетімділігін арттыру көзделіп отыр. Бұл жайында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезектен тыс отырысында белгілі болды. Бір апта ішінде кеңес баж салығы төмендетілетін тауарлардың тізімін құрады. Бұл – пандемия кезінде үлкен сұранысқа ие өнімдер, яғни азық-түлік, балалар тағамы, препараттар мен дәрі өндірісіне қажетті компоненттер. Одан бөлек, кеңес мүшелері Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан маскалар секілді жеке қорғану құралдарын алып шығуға тыйым салды. 

Андрей Слепнев, Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі:

– Бұл шешім маска, көзілдірік, дәрігерлерге арналған костюм секілді қорғану құралдары одаққа мүше елдердің барлығына бірдей жеткілікті болу үшін қабылданды. Сонымен қатар ол мемлекеттердің бірінде тапшылық байқалған жағдайда бір-бірімізге гуманитарлық көмек көрсету мәселесі ұзақ талқыланды. Десе де, ақырында біз ортақ мәмілеге келдік.

Хабар 24 телеарнасы