445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венгрияның MOL мұнай-газ компаниясының бір зауыты антисептик шығаруға көшті

  • 38
Венгрияның MOL мұнай-газ компаниясының бір зауыты антисептик шығаруға көшті

Венгрияның MOL мұнай-газ компаниясы өзінің зауыттарының бірін зарарсыздандыратын сұйықтық шығаруға көшірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің батысында орналасқан «Олмашфюзито» зауыты күніне 50 мың литр антисептик дайындайтын болады. Бұған дейін өндіріс ошағы көлік мониторын тазалағыш өндіріп келген. Кәсіпорын басшылығы Словакия мен Хорватиядағы зауыттарында да осындай зарарсыздандырғыш зат шығаруды қарастырып жатыр.

Айта кетейік, қазір Венгрияда COVID 2019-ды жұқтырғандардың саны 226-ға жеткен. Дерттен 10 адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы