445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арменияда тұрғындар үйден шығарда арнайы сауалнама толтыруы тиіс

  • 29
  • UPD: 12:13, 26.03.2020

Армения наурыздың 16-сы күні енгізілген төтенше жағдай тәртібін қатаңдатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді тұрғындар үйден шығар кезде арнайы сауалнама қағазын толтыруы тиіс. Жеке көлікте 2 адамнан артық кісі отыруына тыйым салынады. Адамдардың далаға шығып велосипедпен серуендеуіне және спортпен шұғылдануға күніне бір рет қана рұқсат етіледі. Және мұндай әрекет тек үйдің маңында жүзеге асырылуы тиіс. Жаңа ереже наурыздың 31-іне дейін созылады.

Айта кетейік, қазір Арменияда коронавирусты жұқтырғандар саны 266-ға жеткен. Оның таралуы кеңеюде. Осыған байланысты елде мейрамханалар мен дәмханалар және азық-түлік шығармайтын барлық кәсіпорындар жабылған. Тек дәріханалар мен банктер және азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеп жатыр. Билік азаматтардан дерттің таралуын жол бермеу үшін онлайн-қызметті пайдалануды сұрап оттыр. Бұған дейін карантин режимін бұзған үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жарияланған. 

Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:

– Бізге әр адамның өмірі қымбат. Сондықтан қазіргі жұқпалы дерттен азаматтардың қайтыс болу дерегін азайту үшін барлық шараны қолға алуымыз қажет. Кей науқастардың ыстығы да жоқ. Олар дәрігерлік көмексіз жазылып шығады үміттенеміз. Бірақ 30 адамнан өкпенің қабынуы байқалды. 5 азамат жансақтау бөлімінде жатыр.

Хабар 24 телеарнасы