445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украина үкіметі карантин уақытын тағы үш аптаға ұзартты

  • 34
  • UPD: 14:32, 26.03.2020

Украинада коронавирус жұқтырғандардың саны 145 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел үкіметі індетке қарсы ұйымдастырылған жаппай карантинді тағы үш аптаға ұзартты. Сондай-ақ мемлекет індетке байланысты төтенше жағдай жариялады. Бірінші маусымға дейін елден этил спиртін тасымалдауға толығымен тыйым салынды. Көктемгі әскерге шақыру науқаны уақытша тоқтатылды.

Украина індетпен күресті күшейту мақсатында 12 наурыздан 3 сәуірге дейін карантин жариялаған еді, алайда елдің 13 өңірінен коронавирус жұқтырғандар анықталып, ауру адамның саны жүзден асты. Салдарынан кабинет министрлігі карантинді 24 сәуірге дейін ұзартып, отыз күнге мемлекет бойынша төтенше жағдай жариялады.

Денис Шмыгаль, Украина премьер-министрі:

– Өкінішке орай, ауру саны артып келеді. Сондықтан карантинді тағы үш аптаға ұзартуға мәжбүрміз. Төтенше жағдай азаматтардың конституциялық құқығына қол сұқпайды, біз вируспен күресті күшейтпекпіз. Біз халықаралық әріптестерімізбен бірігіп әрекет етпекпіз, Украина дәрігерлері қытайлық әріптестерімен үнемі байланыста. 

Украина дәріханаларында антисептик әрі медициналық бетперде әлі де тапшы. Бұл ретте медициналық препараттарды заңсыз сыртқа саудалап жүрген алаяқтар саны артқан. Үкімет мұндайлардың жазасын күшейтеміз деп мәлімдейді.

Денис Шмыгаль, Украина премьер-министрі:

– Билік пен қоғам бірігіп індетпен күресіп жатқанда, украиналық азаматтардың денсаулығын саудаға салып жүрген алаяқтар тиылмай тұр. Олар спирт және қауіпсіздік үшін қажетті құралдарды сыртқа саудалаған. Үкімет этил спиртін елден шығаруға, экспорттауға тыйым салады. Заңды бұзған азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартуымыз қажет.

Президент жарлығымен Украинадағы көктемгі әскерге шақыру науқаны жаз мезгіліне дейін шегерілді. «Карантин аяқталғаннан кейін мемлекет бойынша он млн-ға жуық адам жұмыссыз қалады деп болжайды сарапшылар.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петр Борейко

Хабар 24 телеарнасы