435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде жалпыхалықтық дауыс беру кейінге қалды

  • 71
  • UPD: 14:18, 26.03.2020

Ресейде Конституцияға түзету енгізу бойынша жалпыхалықтық дауыс беру кейінге қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Владимир Путин ресейліктерге жолдаған үндеуі барысында айтты.

Айта кетейік, бұған дейін сайлау 22 сәуірде электронды түрде өтеді деген болжам айтылған. Дегенмен әзірге оның нақты қашан өтетіні белгісіз. Бұдан бөлек, үндеуде Ресей президенті коронавирус індетіне байланысты халықты әлеуметтік қорғау мен шағын және орта бизнесті қолдау бойынша кешенді шаралар ұсынды. Атап айтқанда, Владимир Путин жұмыс берушілерден еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жұмыссыздықтың артуына жол бермеуді сұрады. Сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілеріне салық бойынша төлемдері мен банк несиелерін 6 айға кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді. Бұған қоса, тұтынушы және ипотекалық несиелер өтеу мерзімі созылады.

Хабар 24 телеарнасы