445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда қосымша 32 мың дәрігер жұмысқа алынбақ

  • 85
  • UPD: 14:33, 26.03.2020

COVID-19-дың қазіргі ошағы Италияда болса, 15 медицина қызметкері көз жұмып, жұқпалы вируспен күресу мақсатында зейнетке шыққан дәрігерлер қайта жұмысқа шақырылған.

Ұлыбританияда да жағдай тап солай. Ресми Лондон таяуда зейнеттегі 65 мың денсаулық сақтау қызметкерлерін коронавируске қарсы көмекке шақырды.

Меруерт Қанағат, тілші:

– Түркия билігі 32 мың дәрігерді жұмысқа алмақ. Бұған елде белең алып жатқан коронавирус себеп. Мәлімдемені елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа жасады. Оның айтуынша, бұл кезеңде медицина қызметкерлер санын арттыру аса маңызды. Себебі халық саулығы сала мамандарының қолында.

Фахреттин Кожа, денсаулық сақтау министрі:

- Бұл кезеңде денсаулық сақтау қызметкерлерінің қосымша төлемдерін жақсартуға тырысамыз. Тағы бір жаңалық – бұл біздің кадрлық ресурстарымызға байланысты. Алдағы күндерде құрамымыз тағы 32 мың қызметкермен толығады. Қосымша төлемдер 3 айға дейін 100% өспек.

Жергілікті медицина қызметкерлерінің пікірінше, қосымша мамандарды жұмысқа алу дер кезінген қабылданған шешім.

Памук Ямен, медбике:

- Әрине, қосымша дәрігерлер мен медбикелердің алынуы бізді қуантады. Себебі жұмысымыз жеңілдеп, кезекке де тұру ыңғайлы болмақ. Коронавирустың өршіп тұрған кезеңінде де қателік жасау төмендейді.

Түркияда 165 мыңға жуық дәрігер, 198 мыңнан астам медбике жұмыс істейді. Халық санына шаққанда, әрбір дәрігерге шамамен 498 науқастан келеді екен. Денсаулық сақтау қызметкерлері бұл көрсеткішті жоғары деп есептейді. Сондықтан сала мамандарының санын одан әрі арттыру қажеттігін қолдайды. Жалпы елде дәрігерлердің беделі жоғары. Медицина факультетіне тек қана жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар ғана түсе алады.

Авторлары: Меруерт Қанағат, Гөкальп Йамен

Хабар 24 телеарнасы