445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та 68 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдыққан

  • 84
  • UPD: 14:27, 26.03.2020

АҚШ штаттарында вирустың таралуы қарқын алып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел аумағы бойынша 68 мыңнан астам адам індетке шалдыққан. Ал бір мыңнан астамы індет құрбандарының қатарында. Жергілікті тұрғындар өз қауіпсіздігі үшін карантин режимінің маңыздылығын түсінген. Мысалы, азық-түлікке шыққандар қашықтықты сақтап, бір-бірінен алшақ тұруға тырысады. Аймақта өзге мекемелер мен орталықтар жұмысын тоқтатып отыр.

Мақпал Сержанқызы, тілші:

– Америка құрама штаттарында бір жылдай уақыт тұрамыз. Коронавирус АҚШ-та өте өзекті проблема болып отыр. Төтенше жағдай жарияланды. Көптеген штатта ауру қарқынды тарап жатыр. Ең көп тарап жатқан Нью-Йорк болып отыр. Бұл жерде төтенше жағдайға байланысты барлық мейрамхана, дүкен, ірі сауда орталығы, кинотеатр, кеңселер, жұмыс орындары жабық. Тек азық түлік дүкендері ашық. Онда азық-түлік тапшылығы байқалады. Себебі халықта үрей бар. Қазақ елінен бұл проблемаға аса мән беріңіздер деп сұраймын. Себебі қауіпті ауру болып отыр. Сондықтан үйден шықпаңыздар, аурудың тарауына жол бермеңіздер.

Хабар 24 телеарнасы