445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорния билігі тұрғындарды үйде отыруға шақырды

  • 73
  • UPD: 14:17, 26.03.2020

Калифорния билігі жағдайдың ушығуына байланысты тұрғындарды үйде отыруға шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Штат губернаторы Гэвин Ньюсом вирустың ілмегіне жастардың да ілініп жатқанын айтады. Аймақта 17 жасқа толмаған 30-дан астам жасөспірімге коронавирус диагнозы қойылып отыр. Науқастардың 51 проценті – 18 бен 49 жас аралығындағы адамдар. Қазір аймақта карантин режимі сақталған. Алайда тұрғындардың барлығы тәртіпті сақтап отырған жоқ дейді өңір басшысы.

Гэвин Ньюсом, Калифорния штатының губернаторы:

– Карантин режимін сақтап, барлық талапты орындасақ ғана вирустың таралуын тежей аламыз. Оқшауланудың пайдасы бар. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, індеттің таралуын тоқтату үшін бір ел болып бірігіп күресейік.

Ал Луизиана университетінің ғалымдары вирустың келесі эпиорталығы Жаңа Орлеан қаласы болуы мүмкін деп топшылап отыр. Мәселен, аймақта вирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп барады. Жергілікті билік өңірдегі ауруханалар лық толы екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы