420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай коронавируспен күрес жолындағы тәжірибесімен бөлісті

  • 452
  • UPD: 15:29, 26.03.2020

Ол үшін Қытай эпидемиядан ең қатты зардап шеккен елдерге медициналық мамандарын жіберуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Италияға дәрігерлерден құралған үш топ аттандырылған. Одан бөлек, жергілікті мамандар әлем бойынша 100-ден астам ел және халықаралық ұйымдармен жиырмадан астам видеоконференция өткізген. Алдағы уақытта бұл шаралар жалғасын табады. Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуан осылай деді.  

Гэн Шуан, ҚХР СІМ ресми өкілі:

– Әлі де көптеген елден видеоконференция өткізу туралы өтініштерін алып жатырмыз. Тиісті сала мамандары қазір ұйымдастыру жұмыстарымен айналысуда. Қосымша коронавирусты емдеу бойынша 7 нұсқаулық, инфекцияны бақылауда ұстау бойынша 6 нұсқаулық басып шығардық. Онда Қытайдан екі ай бойы эпидемиямен күрес жолындағы барлық тәжірибиесі жазылған. Мыңдаған маман мен сарапшылардың еңбегі бар онда. Бүгінде баспа бірнеше тілге аударылып қойды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және әлем елдерімен бөлісуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы