435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малайзияда патша сарайының қызметкерлері коронавирус жұқтырған

  • 62
  • UPD: 14:22, 26.03.2020
Малайзияда патша сарайының қызметкерлері коронавирус жұқтырған

Малайзия патшасының сарайындағы жеті қызметкер мен жұмысшыдан коронавирус анықталды, деп хабарлады The Star.

Малайзия королі сұлтан Абдулла Рийятуддин Аль-Мустафа мен ханшайым Азиза Амина Маймуна Искандерия карантинге алынып, коронавирусқа тест тапсырды.

«Олардың тест нәтижелерінен коронавирус табылған жоқ, дегенмен олар 14 күндік карантинде болады», - делінген патша сарайы бюросының хабарламасында.

Бұған дейін Германия канцлері Ангела Меркельге екпе салған дәрігерден коронавирус расталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Дегенмен канцлердің коронавирусқа тапсырған екі тесті де теріс нәтиже көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы