445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каирде коменданттық сағат жарияланды

  • 44
  • UPD: 14:57, 26.03.2020
Каирде коменданттық сағат жарияланды TripMyDream

Мысырдың Каир қаласында билік коменданттық сағат енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған өңірде қауіпті вирустың таралуы себеп. Бүгінде шамамен 20 млн тұрғыны бар шаһарда мейрамханалар мен асханалар және сауда орындары жабық. Тұрғындар кешкі сағат 7-ден таңғы 6-ға дейін сыртқа шыға алмайды. Тәртіпті полиция өкілдері қатаң қадағалап отыр. Елде сәуір айының ортасына дейін барлық мектеп пен университеттерде сабақ тоқтатылды. Аймақтағы әуежай да жабық. Ал Гиза пирамидаларында зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Туристерді қабылдау үшін қауіпсіздік шаралары ескерілуде.

Айта кетейік, қазір елде 456 адам коронавирус жұқтырған. 21 адам осы аурудан жан тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы