412,23 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте өкпені жасанды желдету аппараттары тапшы

  • 299
  • UPD: 15:20, 26.03.2020
Нью-Йоркте өкпені жасанды желдету аппараттары тапшы

АҚШ-та коронавирустың таралу ошағына айналған Нью-Йоркте өкпені жасанды желдету аппараттары жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо мәлімдеді. Сарапшылардың есебінше, бұл өңірге отыз мың аппарат қажет, ал қолда небәрі төрт мың аппарат бар. Губернатор індеттің қалада таралуын халықтың тығыз қоныстанғанымен түсіндіріп отыр. Қазіргі кезде 3800-ден аса адам ауруханаға жатқызылған. Бұл – ауру жұқтырғандардың жалпы санының он екі пайызы. Арасында ауыр халдегі 888 адам жан сақтау бөлімінде емделіп жатыр. Коронавирусты жұқтырғандар арасында баспанасыздар да бар. Қалалық әлеуметтік қызмет өкілдерінің мәлімдеуінше, бір күн ішінде үйсіздерге арналған 27 баспанада 39 адам бұл дертті жұқтырып алды.

Эндрю Куомо, Нью-Йорк штатының губернаторы:

– Ажалдан арашалап алу үшін барын жасап жатырмыз. Халықты ешқашан денсаулығы нашар егде жастағыларға бөлген жоқпыз.

Хабар 24 телеарнасы