423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияның стадиондары ауруханаға айналды

  • 544
  • UPD: 17:48, 26.03.2020
Бразилияның стадиондары ауруханаға айналды

Коронавирус пандемиясы Бразилияны да айналып өтпеді. Науқастар саны 2 мыңнан асып, ауруханаларда орын жетпей жатыр.

Бразилияның Маракана стадионы коронавируспен ауыратын науқастарға арналған дала ауруханасына айналды. Бұл туралы CNN хабарлады.

«Әлемдегі ең әйгілі стадиондардың бірі және Олимпиада ойындары өтетін жер коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған далалық ауруханалардың біріне айналды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бразилиялық басқа стадиондар уақытша аурухана қызметін атқарады.

Маракана стадионында 2014 жылғы әлем чемпионатының, 2016 жылғы Олимпиаданың финалы және басқа да көптеген спорттық жарыстар өткен.

Бұған дейін Испанияда мұз сарайы уақытша мәйітханаға айналғанын жазған едік. Мадридте орналасқан кешенге енді коронавирустан қаза тапқандардың мүрделері жеткізілмек.

Хабар 24 телеарнасы