435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австрияда қазақстандық пианиношы концертімен тұрғындардың алғысына бөленді

  • 64
  • UPD: 18:02, 26.03.2020
Австрияда қазақстандық пианиношы концертімен тұрғындардың алғысына бөленді

Австрияда қазақстандық пианиношы Аида Ахметова карантин кезінде үйінде концерт қойып, көрші тұрғындардың алғысына бөленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастапқыда жерлесіміз тұрғын үйдің кіреберісіне концерт қойғысы келетінін айтып, жарнама іліп қойған екен.

«Карантин кезінде тыныштықты жақсы көретін австриялықтар полиция шақыра ма», деп те қобалжиды. Бірақ Моцарттың шығармасын орындап, Австрияның әнұранын шырқаған жерлесімізге адамдар зор ризашылықтарын білдірді. Тіпті одан жексенбі сайын концерт қоюды өтінді. Пиананошы қыз осылайша, қиын сәтте тұрғындардың көңіл-күйін көтергеніне қуанышты.

Айта кетейік, Аида Ахметова – халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Ол АҚШ-тың әйгілі «Карнеги Холл» және Австрияның «Концертхаус» залында өнер көрсеткен.

Хабар 24 телеарнасы