432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токиода коронавирустың жаңа ошағы тіркелді

  • 122
  • UPD: 21:48, 26.03.2020
Токиода коронавирустың жаңа ошағы тіркелді

Жапонияда коронавирусты жаңа жұқтыру оқиғалары тіркеліп, дерттің таралу қауіпі қайта күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індеттің жаңа ошағы Токио қаласынан шықты. Осыған байланысты Премьер-министр Синдзо Абэ елде төтенше жағдай жариялауы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда COVID-19-ға 1314 адам шалдыққаны хабарланған. Дерттен 45 адам көз жұмған. Індетке байланысты биыл жаз айында Токиода өтуі тиіс Олимпиада ойындары келесі жылға ауыстырылды.

Хабар 24 телеарнасы