432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Испанияда төтенше жағдай ұзартылды

  • 150
  • UPD: 21:54, 26.03.2020
COVID-19: Испанияда төтенше жағдай ұзартылды

Испания коронавирусқа байланысты енгізілген төтенше жағдайды сәуірдің 12-сіне дейін созды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік шешім індетпен күресте уақыт ұту қажеттігінен туындағанын айтады. Яғни, бұл вирустың таралуына тосқауыл қойып, ғалымдардың жұқпалы дертке қарсы вакцина жасап шығаруына мүкіндік бермек. Айта кетейік, Испания қазір әлемде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны бойынша Италиядан кейін екінші орында тұр. Мұнда дерттен 3 мың 647 адам көз жұмған. Вирусты жұқтырғандардың саны 50 мыңға жуықтады

Хабар 24 телеарнасы