432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда короновирусты үйде анықтайтын тест шығарылмақ

  • 123
  • UPD: 00:10, 27.03.2020

Ұлыбритания тұрғындары жуық арада коронавирусты үйде отырып-ақ анықтай алатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған мүмкіндік беретін құрылғы арнайы тексеруден өткеннен кейін ғана барша медицина қызметкерлері мен жалпы жұртқа таратылады. Күні бүгінге дейін 465 адам пандемияның құрбаны болған елде ақылға кезек тиіп, әркім індетті жеңуге өз күшін салуда..

Өнертапқыштар ұсынған сынаманы саусағыңызды ұшына шаншып, 15 минуттың ішінде нәтижені білуге болады екен. Үкімет күнделікті қолданысқа арналған тестілердің 3,5 миллионын сатып алды. Олар өз тиімділігін дәлелдегеннен кейін көпшілікке ұсынылады. Тестілерді интернет арқылы тапсырыс беруге немесе дәріханалардан алу мүмкіндігі қарастырылады. Оған дейін Ұлттық денсаулық сақтау қызметі мамандары мен маңызды мамандық иелеріне таратылады.

Крис Уитти, Ұлыбритания үкіметінің бас медициналық кеңесшісі:

- Жаңа сынамалар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлық үкіметтерден «Тестілеу, тестілеу және тестілеу» деген талабына жауап беріп, Ұлыбританияға көмектесуі мүмкін. Ұйым басшысы айтқандай: «Біз кімнің жұқтырғанын білмесек, пандемияны тоқтата алмаймыз».

Ал британиялық парламент депутаттары коронавирус таралуына байланысты пасха каникулдарына әдеттегіден бір апта бұрын шықты. Соңғы күні парламенттегі оппозиция басшысы ретінде Джереми Корбин өз мәнсабында соңғы рет сөз сөйледі. Каникулдан соң лейборшылар жаңа төраға сайлайды. Мәжіліс екі бөлімге бөлініп өткізілді. Депутаттар  бір біріне тым жақын отырмау үшін.

Джереми Корбин, Лейборшылар партиясының көшбасшысы

Мен саясаттың алдыңғы шебінен кетпеймін. Менің үнім естілетін болады, жандарыңызда боламын, кампанияларға қатысамын, сөз жарысқа шығамын. Сондай-ақ ел үшін және әлбетте бүкіл әлем үшін әділет жолын таңдап, құқықтарды талап ететін боламын.

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Тоғыз миллион халық тұратын қаланың орталығы кеңсе қызметкерлері мен көлік кептелісінен айтарлықтай босап қалды. Бірақ үкіметтің қатаң талабына қарамастан, көптеген адамдар көшеге шығып, Лондонда сирек кездесетін көктемнің күн шуағына рахаттанып жүр. 30 стерлинг фунты шамамен 15 мың теңге. Бұл тәртіпке бағынбағандарға салынатын айыппұл көлемі. Бірақ полицейлер әзірге ауызша ескертулермен шектеліп келеді.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы