420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайға шетелдіктердің баруына тыйым салынды

  • 439
  • UPD: 11:13, 27.03.2020

Соңғы тәулікте Қытайда COVID-19-ды жұқтырған 55 науқас тіркелді. Оның барлығы дерлік сырттан келгендер. Ал бір адам Чжэцзян елді мекенінде жұқтырған. Хубэйде бес науқас қайтыс болды. Дәрігерлер бақылауында 3,5 мың адам қалды.

Ал инфекцияны жұқтырған 75 мың адам немесе 92 проценті құлан таза айығып шыққан.

Қытайда шет елден вирус жұқтырып келген қатары тыйылмай тұр. Жергілікті билік қандай шаралар қабылдады?  

Ботагөз Сырғабаева, тілші:  

- Ертеңнен яғни 28 наурыздан бастап Қытай визасы бар шет елдіктер аспан асты еліне кіре алмайды. Демек олардың Қытайға келуіне уақытша тыйым салынады. Бұл шекарада виза алуға, визасыз қозғалатын транзитті жолаушыларға және туристік сапарларға да қатысты болмақ. Ал дипломаттық немесе қызметтік құжаты және «С» дәрежелі визасы барлар бул елдин аумағына кіре алады. Өзге жағдайларда  Кытай елшілігіне жүгінуге болады. Осындай шешімді Сыртқы істер министрлігі мен көші-қон қызметі шығарды.

 Қытайлық әуекомпаниялар енді бір елге аптасына бір ақ рет рейс жасай алады. Шет еледік әуекомпаниялар болса Қытайға аптасына да бір ақ рет қона алады. Ұшақтың ішіндегі жолаушылар саны 75 проценттен аспау керек. Бұл қадам заңды күшіне 29 наурыздан бастап енеді.

Сондай-ақ енді Бейжіңде ауруханаға дене қызуымен түскендердің барлығы коронавирусты анықтайтын тестті тапсырады. Тұмаумен ауырып жүрсеңіз, Қоғамдық орындарда бетпердесіз жүруге болмайды. Адамдардың арасында 1 метр қашықтықты сақтау керек.

Жалпы Қытайдағы бүгінгі ахуал жақсарып келеді. Дегенмен, мамандар бетпердені шешуге әлі ерте деп отыр. Себебі қасыңыздағы адам коронавирустың инкубациялық кезеңінде немесе ауруының бастапқы сатында болуы мүмкін. Дәл осы кезеңдерде инфекция тез жұғады. Сондай-ақ мамандар лифт сынды жабық жерлерде бетпердені шешпеуге шақырды. Өйткені сізге дейін ол жерде науқасты адам болуы  мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы