427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та коронавирус жұққандар саны Қытайдан асып түсті

  • 723
  • UPD: 10:40, 27.03.2020
АҚШ-та коронавирус жұққандар саны Қытайдан асып түсті

АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар саны 82 мыңнан асты. Осылайша науқастар саны бойынша Америка Қытайдан асып түскен. Ел президенті Дональд Трамптың айтуынша, індетті жұқтырғандар санының күрт өсуі тұрғындарды жаппай тестілеу нәтижесімен байланысты. COVID-19 Американың барлық 50 штатында тіркеліпті. Бір ғана Нью-Йоркте 30 мың науқас анықталды. Қайтыс болғандар саны мыңнан асады. Қазір Құрама Штатта қатаң шектеулер енгізілген. Вируспен күрес жолында тұрғындарға далаға шығуға тыйым салынды. АҚШ Сенаты екі триллион бөлу туралы заң жобасын қабылдап, тұрғындарға бір реттік жәрдемақы төлеуде. Бір  адамға 1200 доллардан төленуде. Бұл Америка тарихындағы ең ауқымды көмек болып отыр.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Біз ұлтымыздың қауіпсіздігін ойлауымыз керек. Жағдайдың осылай болғанына олар кінәлі емес. Сондықтан мемлекет тек медициналық емес, қаржылай көмек көрсетуді де жөн санады. Отбасының әрбір мүшесіне чек жазып береміз. Төрт адамнан тұратын отбасы үшін бұл үлкен көмек болмақ. 

Айта кетейік, эпидемия салдарынан АҚШ-та жұмыссыздар саны артқан. Бүгінде ол үш миллион адамды құрайды. Сондай-ақ Құрама Штаттар әлемдегі коронавируспен күреске 300 миллион доллар бөлгенін айта кетейік. Бұл қаражат жаһанда пандемиядан ең қатты зардап шеккен 64 мемлекетке бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы