424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Африкада коронавирустан қорыққан қала халқы ауылдық жерге қашты

  • 477
  • UPD: 11:37, 27.03.2020
Африкада коронавирустан қорыққан қала халқы ауылдық жерге қашты

Африка елдерінде қала тұрғындары коронавирусты жұқтырып алудан қорқып ауылды жерлерге қашып жатыр.

Көп мемлекетте ауылға бет алған жолаушылардың қарасы көбейген. Билік адамдардың мұндай әрекеті Италиядағыдай дерттің тез таралуына әкеп соқтыра ма деп алаңдап отыр. Ал ресми дерекке сүйенсе, «КОВИД-19» қазірге дейін Африкадағы 54 елдің 46-сына тарап үлгерген. Дертті жұқтырғандардың жалпы саны 2 жарым мыңға жуықтайды. Соңғы рет коронавирус Мали мен Гвинея-Бисауда тіркелді.

Амина Бараса, жергілікті тұрғын:

- Вирустың таралуына байланысты ауылдағы үйге бара жатырмын. Қалада адам қарасы көп. Вирусты жұқтырып алу қауіпі жоғары. Ал ауылда үйден көп алыстап шықпайсыз.

Хабар 24 телеарнасы