423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстанда коронавирустан көз жұмған науқас дертті қызынан жұқтырған

  • 872
  • UPD: 14:22, 27.03.2020

Өзбекстанда коронавирус жұқтырған әйел адамның коронавирусты кімнен жұқтырғаны анықталды.

Жасын Біркенов, тілші:

Бүгін таңғы төрт жарымда қайтыс болған науқас 72 жастағы әйел адам. Елдің шығысында орналасқан Наманган қаласының тұрғыны. Бойынан коронавирустың алғашқы белгілері кеше анықталып, бірден ауруханаға жеткізілді. Қауіпті індетті жақында Түркиядан ұшып келген туған қызынан жұқтырған деседі. Бірақ бұл адамның қазасының себебі коронавирус емес, дейді дәрігерлер. Ол миокард инфарктісінен көз жұмған. Қарт кісі диабет пен жүрек жетіспеушілігі секілді аурулардан азап шеккен көрінеді. Бүгінде КОВИД-19 ауруымен Вирусология институтының 11 қызметкері де ауырып жатыр. Олар вирусты науқастардан жұқтырса керек. Кеше Өзбекстан Президенті бұл дәрігерлердің әрқайсысына 100 млн сомнан жәрдемақы беруді тапсырды. АҚШ валютасымен санасақ, бұл шамамен 10 мың АҚШ доллары. Бұдан бөлек коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған дәрігерлер мен эпидемиологтарға ай сайын 2,5 мың доллардан төленеді. Ал медбикелер мен лаборанттар 1,5 мың, санитарлар 1 мың, қалған қызметкерлер 500 доллардан алып отырады. Шавкат Мирзиёев медицина қызметкерлеріне жәрдемдесу үшін Үкіметке осындай пәрмен берді. Қазіргі таңда жаһанды жайлаған жұқпалы ауру Ташкент, Наманган, Әндіжан, Самарқан, Гүлістан, Навои, Зарафшан мен Бұқара шаһарларының жабылуына сеп болып отырғанын айта кетейін. Бұл қалаларға жүк көліктерінен басқасына кіріп шығуға шектеу қойылып отыр. 

Авторлары: Ж.Біркенов және Қ.Оспан

Хабар 24 телеарнасы