429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оксфорд университеті коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуді бастайды

  • 322
  • UPD: 13:15, 27.03.2020
Оксфорд университеті коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуді бастайды

Оксфорд университетінің мамандары коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізу үшін еріктілерді жинап жатыр.

Вакцинаны жасаушылар коронавирус жұқтырған адамдардың шамамен 80%-ында аурудың жеңіл өтетінін анықтады. Алайда алты науқастың біреуінде инфекция күрделі ауруға айналуы мүмкін.

«Зерттеу бізге жаңа ChAdOx1 nCoV-19 вакцинасы сау адамдарды коронавирустан қорғауы мүмкін бе екенін анықтауға мүмкіндік береді», - делінген ғылыми орталықтың хабарламасында.

Вакцина сынағына Темза алқабының 18-55 жас аралығындағы сау тұрғындары ғана қатыса алады. Вакцинаны тексеру алты айға созылмақ.

Хабар 24 телеарнасы