411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан билігі ел экономикасына 22,6 млрд доллар бөледі

  • 234
  • UPD: 14:14, 27.03.2020
Үндістан билігі ел экономикасына 22,6 млрд доллар бөледі

Үндістан коронавируске байланысты ел экономикасын қолдау үшін 22,6 миллиард доллар қаржы бөлетін болды.

Бұл сома індеттен зардап шеккен миллиондаған адамға көмек көрсетуге жұмсалады. Сонымен қатар ел билігі үш ай ішінде тұрғындарды тегін тұрмыстық газбен қамтамасыз етпек. Бұған қоса, медицина қызметкерлеріне 5 миллион рупий көлемінде сақтандыру шығындарын өтеп береді.

Айта кетейік, Үндістанда наурыздың 25-інен бастап штатаралық шекара жабылған. Бұл шара 21 күнге созылады. Осы уақыт аралығында тұрғындардың сыртқа шығуына тыйым салынған.

Хабар 24 телеарнасы