399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда коронавируске қарсы күрес күшейтілді

  • 149
  • UPD: 15:44, 27.03.2020

Әзербайжанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 122  адамға жетті. Індеттен үш  науқас көз жұмды. Министрлер кабинеті жанындағы шұғыл штабтың ақпарына сай вирусты жұқтырған бес адам ауыр халде жатыр. Сондай-ақ науқастардың қатарында үш сәби бар.

Үкімет Баку мен Сумгаит қалаларын карантинге жауып тастады. 65  жастан асқан кісілерге көшеге шығуға тыйым салынды. Билік карантин ережелерінің сақталуын мұқият қадағалайды.

Эмин Абдуллаев, полиция майоры:

- Біз жасы үлкен кісілердің көшеге шықпауын, бақтарда жүрмеуін бақылап отырмыз. Олар тәртіпті бұзбауы керек. Бір жерде он адамнан көп жиналуға болмайды. Ереже бұзатындар бар. Әзірше біз тек түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үйлерінен шықпауға кеңес береміз.

Медициналық бетперделер мен дезинфекция құралдарына сұраныс күрт өскендіктен, дәріханалар енді тауарды шектеп сататын болды. Егер бұрын айына орта есеппен 500-600 мың бетперде сатылса, қазір бұл мөлшері үш күнде өтеді. Ішімдік шығаратын зауыттар толығымен дезинфекция құралдарын өндіруге көшті.

Анар Годжаев, кәсіпорын директоры:

- Сұраныс қазір жоғары. Сондықтан ішімдік шығаруды тоқтаттық.Қазір күніне 20-30 мың литр спирт өндіріп, оны дәріханаларға тапсырамыз.

Карантин тәртібі 20 сәуірге дейін жалғасады. Баку  шетінде бекеттер орнатылып, қалада тіркелген азаматтарды аймақтарға жібермейді.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы