411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арменияда коронавирустен алғашқы адам қайтыс болды

  • 648
  • UPD: 15:23, 27.03.2020

Арменияда коронавирустан қайтыс болудың алғашқы дерегі тіркелді. Елде 24- наурызда төтенше жағдай режимі күшейтілген еді. Енді адамдар тек дәрі мен азық- түлік сатып алу үшін ғана үйлерінен шыға алады.

Полиция жұртты сыртқа шықпауға шақырып, осылайша төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін жаза салынатынын еске салып жатыр. Бұл үшін айыппұл, тіпті төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қысқа мерзімде  тіршілік қайнап жатқан қала қаңырап қалды. Халық тек азық-түлік дүкендеріне бара алады. 

Сыртқа шыққан әр адам полицияға төлқұжаты мен нақты бағдары жазылған анкета көрсетуі тиіс. Құжаттары болмаса, айыппұл салынады.

1) Коммуналдық қызметтерді төлеп келдім, енді тағы бір рет дүкенге барып, осыдан кейін үйде отырамын. Осы жоспарымды бұл қағазға толтырдым.

2)​ Осындай жағдайда үйде отыру керек. Бәрі де жақсы болады деп ойлаймын. 

Ереван дүкендері сауда орындары мен қоймаларының дезинфекциялауын күшейте түсті. Сондай-ақ, жаңа ереже енгізіп, сағат таңғы оннан он екіге дейін зейнеткерлерге бөлек қызмет көрсететін болды. Осылайша билік егде жастағылар арасында індет таралу қауіпін азайтпақ. 

Жанна Месропян, дүкен менеджері:

- Күніне бірнеше рет дезинфекция өткіземіз. Қорғану шаралардың барлығын сақтап келеміз, қызметкерлеріміз бетперде тағып жүр. Әр сағат сайын бүкіл арба-дорбалар, сөрелер мен еденді сүртеміз.Төтенше жағдайға байланысты келушілер саны азайды. 

 Коронавирус салдарынан көптеген адам жұмыссыз қалды.Такси жүргізуші Дереник Аветян азаннан бері бірде-бір тапсырысы болмағанын айтты. 

Дереник Аветян, такси жүргізуші:

- Бар халық үйде отырғандықтан ақша таба алмай отырмын.​Жалға алған пәтерімді төлей алмасам, көлікте қонудан басқа амалым жоқ. Бәрі осы аурудың тезірек аяқталуын қалайды. Сонда бұрынғы тіршілігімізге ораламыз. 

Бэлла Оганесян, Ереван қаласының тұрғыны:

- Қатал шара енгізіп, тәртіпті сақтау қажет деген үкіметпен келісемін. Гигиена ережелерін сақтап, өзімізді оқшауландырсақ, бір-екі айдан кейін осы бәледен құтыламыз деп санаймын. 

Арменияда коронавируспен күреске қаражвт жинайтын арнайы есепшот ашылды. Ел тұрғындары оған бір миллион доллардан аса қаржы аударды.

Авторлары: Лаура Жүсіпбекова, Тигран Галстян, Давит Атаян

Хабар 24 телеарнасы