428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан оқушыларға телесабақ өткізіп жатыр

  • 381
Өзбекстан оқушыларға телесабақ өткізіп жатыр

Өзбекстанда оқушыларға арналған телесабақтар басталды. Отандық телеарналар дәрістерді тікелей эфирде көрсетуде.

Колледж бен университет студенттері осы аптада психология мен ағылшын тілін үйреніп жүр. Ал мектеп оқушылары география, математика мен физиканы қашықтан меңгеріп отыр. Балалар тек оқу жоспарына кіретін тақырыптарды ғана өтеді, дейді Халықтық білім беру министрлігінің өкілдері. Тәлімгерлер үй тапсырмаларын мектептің ғаламтор  порталында орындайды. Ал олардың үлгерімділігін мұғалімдер электронды күнделік арқылы бақылайды. 

Анвар Умаров, Өзбекстанның халықтық білім беру министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Оқу жылы әдеттегідей мамырдың 25-і аяқтала ма, жоқ әлде жазға дейін созыла ма – бұл әзірге белгісіз. Оқу процесі қашан  алғасын табатыны да беймәлім. Оны арнайы республикалық комиссия шешеді. Қазір ата-аналардың міндеті балалардың сабақты ұдайы оқып жүруін қадағалау. Олар телесабақтарды қалдырмай көруі тиіс. Ал қушылардың үй тапсырмаларын педагогтар бақылайды.

Хабар 24 телеарнасы