Мексикалық коронавирус инфекциясы өршіп тұрған кезде далаға шықпай карантин режимін сақтау үшін дүкенге итін жұмсайды.
Бұл туралы Daily Mirror хабарлады.
Ол итінің мойнындағы қарғы бауға ақшамен бірге дүкеншікке арналған жазба байлап жібереді.
Бір жазбада «Менің итіме қытырлақ картоп сатыңыз. Қарғы бауында 20 доллар бар. Егер оны ренжітсеңіз, тістеп алады» деп жазылған.