413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО видеоконференция форматында саммит өткізді

  • 162
  • UPD: 15:52, 27.03.2020
ЕО видеоконференция форматында саммит өткізді

Еуроодақ елдерінің саммиті пандемияға байланысты бейнеконференция түрінде өтті.

Басқосу қорытындысы бойынша Еуропалық Кеңес басшысы Шарль Мишель пандемиядан кейін Еуроодақ экономикасын қалпына келтіруге арналған жоспар әзірлеуді бұйырды.Онлайн кездесуге қатысушылар азық-түлік пен тұрмысқа қажетті тауарларды одақтың ішкі шекаралары арқылы кедергісіз өткізілуін қамтамасыз етуді қолдады. Одақ экономикасына қолдау көрсету мақсатымен жалпыеуропалық бондтар шығару ұсынылды. Бұл індет пен оның салдарымен күреске қаржы тартуға мүмкіндік береді. 

Шарль Мишель, Еуропалық кеңес төрағасы:

- Басты мақсатымыз - адамдардың маңызды емес сапарларын қысқарта отырып, тауарлар тасымалын сақтап қалу. Бұл тауар тапшылығына жол бермес үшін және Еуроодақтың ортақ нарығын барынша қорғап қалу үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы