412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияға көмекке Ресейдің 100-ге жуық вирусолог маманы жеткізілді

  • 308
  • UPD: 17:26, 27.03.2020
Италияға көмекке Ресейдің 100-ге жуық вирусолог маманы жеткізілді

Ресейде соңғы тәулік ішінде тағы 196 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, көрші елде қатерлі дертке шалдыққандардың саны 1036-ға адамға жетіп отыр. Айта кетейік, бүгінге дейін Ресейде вирустан 3 адам қайтыс болды. Тағы 45 кісі дертінен айығып шыққан. Өз кезегінде, коронавирус инфекциясы өршіп тұрған Италияға көмек көрсету үшін Ресейдің 100-ге жуық вирусолог маманы жеткізілді. Олар медицина қызметкерлері жетіспей тұрған 65 пансионатта жұмыс істейді.

Айта кетейік, бүгінде Италияда 81 мың адам вирус жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы