411,57 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Италияда бір тәулікте 969 адам қайтыс болды

  • 258
  • UPD: 10:17, 28.03.2020

Италияда да коронавирустан көз жұмғандар саны тағы да күрт өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір тәулік ішінде бұл елде 969 адам қайтыс болды. Осылайша, қазір Италияда қатерлі инфекциядан қаза тапқандардың жалпы саны 9 мыңға жетіп отыр. Ал, ел аумағында тіркелген науқастар 90 мыңға жақындаған. Осыған байланысты қазір ел бойынша дәрігерлер тапшылығы мәселесі туындаған. Өз кезегінде ел билігі індеттің шарықтау шегі әлі алда екенін айтады. Сондықтан жуырда елдегі карантин мерзімі 3 сәуірге дейін ұзартылды.

Хабар 24 телеарнасы