425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Коронавирус жазда бақылауға алынады

  • 500
  • UPD: 10:18, 28.03.2020
Сарапшы: Коронавирус жазда бақылауға алынады

Коронавирус пайда болғалы бері Қытай елі онымен дамылсыз күресіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпсіздік мақсатында ел билігі түрлі шаралар қабылдап, кеселдің жолын кесуге мейлінше тырысып бақты. Ақырында індеттің қарқыны бәсеңдеп, вирус жұқтыру деректері мен өлім көрсеткішінің артуы тоқтады. Осыған байланысты қазір Қытайдағы мектептер, кітапханалар мен музейлер қайтадан жұмыс істей бастады. Дегенмен, қатаң сақтық шаралары әлі де өз күшінде. Балалар мектепке тек белгіленген кесте уақыты бойынша келулері керек.

Сондай-ақ, сыныптағы оқушылар саны 4-тен аспауы тиіс. Ал мейрамханаға келген қонақтар арақашықтық сақтаулары қажет.

Чжан Вэньхун, Шанхай қаласындағы аурухананың инфекция бөлімінің меңгерушісі:

- Алдағы 2-3 ай коронавируспен күрес жолындағы шешуші кезең болады. Дегенмен, биыл әлем халқы вирустың таралуына толықтай тосқауыл қоя алады деп ойламаймын. Өйткені алдағы қыс мезгілінде індет қайта өршуі мүмкін. Қалай болғанда да анығын кесіп айту қиын.

Хабар 24 телеарнасы