411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания билігі Еуроодақтан қаржылай көмек сұрады

  • 218
  • UPD: 14:31, 28.03.2020
Испания билігі Еуроодақтан қаржылай көмек сұрады

Испанияда коронавирустың кеңінен етек жаюына байланысты ел үкіметі Еуроодақтан қаржылай көмек сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, бүгінде бұл елде инфекция жұқтырған 65 мыңдай науқас тіркелген. 5 мыңнан аса азамат қайтыс болды. Өз кезегінде дамылсыз жұмыс істеп жатқан дәрігерлер шаршағандарын айтып, шағымдана бастаған. Себебі, науқастарды емдеуге медициналық маман жетіспейтін көрінеді. Бұған қоса, елде қолғап, бетперде мен антисептикалық құрал да тапшы. Осыған байланысты қазір Испания билігі Қытайдан қажетті медициналық құрал-жабдықтарды алу жағын қарастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы