411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асты

  • 326
  • UPD: 20:15, 28.03.2020

Мың жарымнан астам адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Осылайша Құрама Штаттар әлемде дертке шалдыққандар саны бойынша бірінші орынға шықты. Кей саясаткерлер биліктің індетпен күресі осылай жалғаса берсе, жағдай бұдан да нашарлай түсетінін ескертеді.

Нью-Йорк, Нью-Джерси және Калифорния штаттарында вирусты көп жұқтырған.  Қатерлі індеттен әсіресе Нью-Йорк аймағы қатты зардап шегуде. Мұнда кеселге 44 мыңнан астам тұрған шалдыққан. Яғни елдегі науқастардың жартысы. 519 адам көз жұмды. Жергілікті билік алдағы уақытта вирусты жұқтырғандар артатынын ескертуде. Осыған бйланысты тағы 8 уақытша аурухана салынбақ.

Эндрю Куомо, Нью-Йорк штатының губернаторы:

– Дерттен қайтыс болғандар саны 519-ға жетті. Бұл көрсеткіш өсе береді. Қазір ауруханада жатқан науқастардың саны көп. Неліктен Нью-Йорк штаты індеттен ең көп зардап шегіп отыр? Өйткені мұнда әлемнің түкпір түкпірінен келген адамдар көп. Қытайда, Кореяда, Италияда болғандар жетеді. Ал қалада әлеуметтік қашықтықты сақтау өте қиын.

Штаттың індетпен күресуіне медициналық құрал-жабдықтар жетіспейді. Әсіресе науқастардың тыныс жолын реттейтін құрылғылар тапшы. Жергілікті ақпарат құралдары індетке тосқауыл қою үшін қатаң шаралар қажет дейді. Президент Дональд Трамп болса мемлекет медициналық материалдарды көптеп өндіретінін айтты.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

– Біз ауруханаларға өкпені желдететін мыңдаған аппарт жеткіздік. Алдағы 100 күнде тағы 100 мың аппарат дайындаймыз. Бұл жай уақыттағы көрсеткіштен 3 есе артық.

Коронавирустың АҚШ экономикасында құлдыратқалы тұр. Президент Дональд Трамптың індет салдарымен күреске 2 триллион 200 миллиард доллар бөлу туралы заңға қол қойды. Мұндай қаржылай көмек АҚШ тарихында бұрын соңды болмаған. Оның 367 миллиарды орта және шағын бизнесті қолдауға, ал 500 миллиард доллар экономиканың түрлі саласын қаржыландыруға жұмсалмақ. Бұдан бөлек жылдық кірісі 75 мың доллардан аспайтын азаматтарға 1200 доллар көлемінде жәремақы бөлу қарастырылған.

Авторы: Дәурен Ақашұлы

Хабар 24 телеарнасы