411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия коронавируспен күресудің жаңа жолын іздеуге құлықты

  • 391
  • UPD: 20:21, 28.03.2020

Еуропа коронавируспен күрестің жаңа жолын табуы қажет, деп хабарлайды «Хабар 24»

Италия президенті Серджо Маттарелла халыққа арнаған үндеуінде осылай деді. Айта кетейік, бұл үндеу Еуроодақ басшылары бас қосқан жиыннан кейін жасалды. Кездесуде одаққа мүше мемлекеттер коронавирустан зардап шеккен елдердің экономикасына көмек көрсету жайын талқылаған болатын. Бірақ ортақ келісімге келе алмады. Дәлірек айтқанда, Италия, Испания және Франция елге келген зауалды еңсеру үшін одақтан қаржылай көмек сұраған. Бірақ бұл өтініш қабылданбады.

Серджо Маттарелла, Италия президенті:

– Еуропаның күрделі жағдайға тап болғанын бәрі жақсы түсінеді деп ойлаймын. Сондықтан кеш болмай тұрғанда нақты шара қабылдау қажет. Еуроодақ, Еуропалық комиссия, орталық банк маңызды қаржылай және экономикалық шешімдер қабылдады. Десе де, кеселмен күреске жаңа бастамалар керек.

 

Хабар 24 телеарнасы